Павлодар облысында вейп саудасына қатысты іс бойынша автокөлік тәркіленді
Көлік қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған деген күдік бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, прокурордың өтінішхаты бойынша сот құны 12,3 миллион теңге болатын «KIA» автокөлігін сотқа дейін тәркілеу туралы шешім қабылдады.
2025 жылы өңірде электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылған. Қазіргі уақытта топ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.
Айыпталушылардың бірі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Оған халықаралық іздеу жарияланды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.