Павлодар облысында жеке куәлік пен төлқұжат жасату қымбаттайды

Павлодар облысында жеке куәлік пен төлқұжат жасату қымбаттайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық 109 қызметінің мәліметінше, АЕК көлемінің өсуіне байланысты мемлекеттік құжаттарды дайындау құны да көбейеді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап төлқұжаттағы бет санына байланысты баж құны өзгереді:

  • 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
  • Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.
  • 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ павлодарлықтарға қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек алуға болады.

Жеке куәлік жасату құны қанша болмақ?

Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлеуге тура келеді.

Төлем электронды үкіметтің төлем шлюзі, екінші деңгейлі банктер арқылы немесе QR-код бойынша жүзеге асырылады.

Айта кетсек, 2025 жылы неке қию туралы куәліктің құны да 1 АЕК немесе 3 932 теңге болады.

Бірақ ажырасуға өтініш беру екі есе қымбатқа түседі, яғни –  2 АЕК немесе 7 864 теңге.

Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ жоғалтып алып немесе басқа да жағдайлармен қайта жасатқан жағдайда 0,5 АЕК немесе 1 966 теңгені төлеу керек болады.