Павлодар облысында жыныстық қанау фактісі анықталды

Павлодар облысында жыныстық қанау фактісі анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыныстық қанау бойынша жүйелі түрде қылмыс жасаған бес азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Осындай бес адамнан тұратын қылмыстық топты Астана қаласында анықтады.

– Адамдардың «трафигіне» байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін сотқа дейінгі 2 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды, – деді ведомствода.

Айта кетейік, қараша айының соңында Қазақстанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерімен «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, осындай 44 қылмыс анықталды.