Павлодар облысында жол қозғалысы шектеледі

Павлодар облысында жол қозғалысы шектеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бірқатар республикалық трассаларда қоғамдық және дизельді көліктерге шектеу енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қолайсыз ауа райына байланысты 26 ақпан күні сағат 22:00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскелерінде қоғамдық көліктер мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.

Атап айтқанда, KAZ 07 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе бекеті)» автожолының 426–587 шақырымы (Кенжекөл ауылы – Абай облысының шекарасы) және 191–390 шақырымы (Мичурин кенті – РФ шекарасы) қамтылады.

Сондай-ақ KAZ 14 «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» жолының 1206–1135 шақырымы (Шідерті кенті – Қарағанды облысының шекарасы), KAZ 20 «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» жолының 0–231 шақырымы (Қалқаман – Қарағанды облысының шекарасы), KZ 14-02 «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» жолының 0–263 шақырымы қамтылады.

Бұдан бөлек, KAZ 04 «Астана – Шідерті – Павлодар – Успен – РФ шекарасы» трассасының 200–431 және 0–152 шақырым аралығы, KZ 14-01 «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» (0–112 км), сондай-ақ KZ 14-03 «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Курчатов» (25–220 км) бағыттарында да қозғалысқа шектеу қойылады.