Павлодар облысында жол апатында мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

Павлодар облысында жол апатында мотоцикл жүргізушісі көз жұмды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Жол-көлік оқиғасы Май ауданы Қаратерек ауылының маңында орын алған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Курчатов-Атамекен автожолының 163 шақырымында «Audi-80» автокөлігі мен «Sonik» мотоциклі  соқтығысқан. 

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген кезде алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға әсіресе көлік көп жүретін жерлерде жылдамдық режимін сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.