Павлодар облысында жолаушылар тасымалы қымбаттайды

Павлодар облысында жолаушылар тасымалы қымбаттайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер бағасының өсуімен байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап бірқатар қалааралық (ауданаралық) бағыттар бойынша тарифтер 20 пайызға көтеріледі.

Жаңа тарифтер келесі кестеде көрсетілген:

Бағыт атауы Тариф (1 жолаушыға)
1 Галицкое – Павлодар – Галицкое 1440 ₸
2 Қызылжар – Павлодар – Қызылжар 480 ₸
3 Шарбақты – Павлодар – Шарбақты 1080 ₸
4 Жаңабет – Тереңкөл – Павлодар 2304 ₸
5 Успен – Павлодар – Успен 960 ₸
6 Павлодар – Майқайың – Павлодар 1150 ₸
7 Павлодар – Үлкен Ақжар – Павлодар 1512 ₸
8 Тегістік (Покровка) – Павлодар 2520 ₸
9 Үрлітөбе – Павлодар – Үрлітөбе 1680 ₸
10 Михайловка – Павлодар – Михайловка 1560 ₸
11 Майқайың – Павлодар – Майқайың 1150 ₸
12 Ақсу – Екібастұз – Ақсу 1260 ₸
13 Бесқарағай – Аққулы – Павлодар 1560 ₸
14 Павлодар – Тереңкөл – Павлодар 1056 ₸
15 Көктөбе – Павлодар – Көктөбе 1056 ₸
16 Құмжота – Павлодар – Құмжота 864 ₸
17 Тереңкөл – Павлодар – Тереңкөл 1056 ₸
18 Қаратай – Павлодар – Қаратай 1140 ₸
19 Павлодар – Баянауыл – Павлодар 2160 ₸
20 Павлодар – Екібастұз – Павлодар 1800 ₸
21 Шалдай – Павлодар – Шалдай 1440 ₸
22 Железин – Павлодар – Железин 1920 ₸
23 Шолақсор – Павлодар – Шолақсор 2640 ₸
24 Шоқтал – Павлодар – Шоқтал 2160 ₸
25 Екібастұз – Павлодар – Екібастұз 1800 ₸
26 Александровка – Павлодар – Александровка 1800 ₸
27 Церковное – Павлодар – Церковное 2220 ₸
28 Барлыбай – Ақтоғай – Павлодар 2160 ₸

Ескерту: Бұл тарифтер автовокзал, автостанция және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері алатын комиссиялық алымды есепке алмай көрсетілген.