Павлодар облысында жұмсақ жиһаз бағасы біршама ғана өскен

Павлодар облысында  жұмсақ жиһаз бағасы біршама ғана өскен

Маусымда жиһаз және тұрмыстық заттар 2,6%, ал бір жылда 20,3% қымбаттады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлер бойынша  ең көп жылдық баға өсімі Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында тіркелді. 

Жиһаздан ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында байқалды, – деп жазылған хабарламада.

Былтырғы жылдың статистикасына сүйенсек, Павлодар облысында сауалнама жүргізілген тұрғындардың 95,8% жұмсақ жиһазбен, 95% асүй жиһазымен, 96,5%  кілеммен қамтылған. 

Елдімекен бойынша қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда жұмсақ жиһаздармен, ас үй жиһазымен, өнер нысандарымен жақсы қамтамасыз етілген. Ал қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары жатын бөлмелері жиһазымен, сондай-ақ кілемдермен және төсеніштермен жақсырақ қамтамасыз етілген.

Фото: Константин Шелков