Павлодар облысында қыркүйектің соңғы аптасында ыстық күтіледі

Жаңбыр және бұршақ жауып, тұман түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.@Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, синоптиктердің болжауынша, 22 қыркүйектен бастап Павлодар облысында ауа райы құбылмалы болады.
23 қыркүйекте жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде +5...+10 °C, күндіз +13...+18 °C болады. Жел – солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге, кей жерлерде 15-20 метрге дейін соғады.
24 қыркүйекте облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, күндіз найзағай күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі. Сынап бағанасы түнде +2...+7 °C, күндіз +18...+23 °C-ты көрсетеді.
25-27 қыркүйек аралығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Осы күндері күн жылы болады: түнде ауа температурасы +8...+15 °C, күндіз +22...+27 °C-қа дейін көтеріледі. Жел – оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін жетеді.
28 қыркүйекте облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы солтүстікте +10...+15 °C, ал оңтүстікте +20 °C дейін жылынады. Жел оңтүстік-батыста секундына 9-14 метрге дейін соғады.