Шарбақты ауданының үш ауылдық округінде төтенше жағдай режимін енгізеді

Шарбақты ауданының үш ауылдық округінде төтенше жағдай режимін енгізеді

Бұған «Ертіс орманы» резерваты аумағында шыққан дала өрті себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Шарбақты ауданының Александровка, Галкино және Шалдай ауылдық округтерінде төтенше жағдайды енгізу туралы аудан әкімі Әзілхан Әбеуов мәлімдеді. Бұл аумақта елді мекендер жоқ.

Өртте өлген жануарлар мен өртенген ағаштардың нақты саны өртті толық сөндіргеннен кейін ғана белгілі болады. Әзірше  жанып жатқан аумақта жануарлар көрінбеді,– дейді Әзілхан Әбеуов.

Қазір Шарбақтыда  850 гектар аумағындағы өрт оқшауланды. Өрт сөндірушілер тәулік бойы жұмыс жасап жатыр.

ТЖ режимі өртті толық сөндіргенге дейін жалғасатын болады. Аудан басшылығы мен ТЖ департаментінің болжамы бойынша өртті бір аптадан кейін ғана сөндіре алады.

Фото: Константин Шелков