Павлодар облысында өз кәсібінің мәртебесін арттырған жастар марапатталады

Павлодар облысында өз кәсібінің мәртебесін арттырған жастар марапатталады
Фото pixabay.com\ Benfe

35 жасқа дейінгі өңірде жұмысшы кәсібінде еңбек ететін жас мамандар бақ сынайды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыста «100 Еңбек жұлдызы» жұмысшы мамандықтарының облыстық фестивалі ресми түрде басталды.

Қатысу үшін ұзақтығы 40 секундтан 1 минутқа дейін болатын бейнеролик дайындап, роликте таңдаған мамандығыңның бірегейлігін, оның қоғамдағы маңызын және еңбек жолындағы жарқын сәттерді көрсету қажет.

Бейнероликті Instagram парақшаңа жариялап, @nvt_kz аккаунтын белгілеп, #100ЕңбекЖұлдызы2025 хэштегін қосуы керек. Профилің ашық болуы және @nvt_kz парақшасына жазылуы шарт.

Қатысушы анкетасын толтырып, 8 (747) 702-58-40 WhatsApp нөміріне жолдау қажет.

Өтінімдер 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша жұмысшы мамандық иелерінің арасынан үздік шыққан жастар «100 Еңбек жұлдызы» фестивалінің лауреаттары атанып, жоғары деңгейде дайындалған жұмыстарымен және фестиваль мақсатына сай мазмұнмен ерекшеленіп, өңіріміздің еңбекқор жастарының жарқын өкілдері ретінде танылатын болады.