Павлодар облысының әкімі Ертіс ауданының тұрғындарымен кездеседі
Кездесу 27 шілдеге жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылуда. Ертістіктерді тұрақты кездесуге қатысуға шақырамыз, - делінген хабарламада.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Ертіс ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі 27 шілде күні сағат 10.00-де Ертіс ауылының мәдениет үйінде өтеді деп жоспарлануда.