Павлодар облысының әкімі Железин ауылындағы жылу желілерін тексерді

Әкім сапар барысында қазандықтарда бірқатар кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы Асайын Байханов алдағы жылу беру маусымына дайындықты тексеру үшін Железин ауданына алдын ала ескертусіз барды.
– Железин ауылында барлығы 18 шақырымнан астам жылу желілері бар және бес қазандық жылумен қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған жылу желілеріне 565 жеке тұрғын үй және 77 заңды тұлға қосылған. Соңғы екі жылда біз аталған барлық қазандықтарды жаңарттық. Қазіргі уақытта қазандықтарды жылу беру маусымына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Алайда, нысандарды аралау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды, – деп жазды өңір басшысы Instagram парақшасында.
Сапар қорытындысы бойынша әкім жергілікті билікке 5 қыркүйекке дейін ауданға қажетті көмір көлемін жеткізуді, сорғы және желілік жабдықтарды жөндеу жұмыстарын аяқтауды, сондай-ақ қазандықтарға іргелес аумақтарды тазалауды тапсырды.
Энергетика басқармасына №2 қазандықтың мұржасына техникалық аудит жүргізіп, келесі жылы оны жаңғыртуды жоспарлау тапсырмасы берілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram