Павлодар облысының 750 тұрғыны қызылшамен ауруда
Оның 146 жағдайы билғы жылдың қаңтар айында тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жалпы 26 мыңнан астам адам екпе алды, оның ішінде 15 мың балалар.
– Өңірде қызылшаның 750 жағдайы расталған. 2023 жылы 604 жағдай болса, биыл онымен ауырған науқастардың саны– 146,– деді департаментте.
Қызылшамен ауырғандар 14 жасқа дейінгі балалар қатарынан-553 (74%), жасөспірімдер -32(4,2%), ал 30 жастан асқан адамдар арасында-165(30%) жағдай тіркелді. Науқастардың ішінен вакцина алмаған адамдар 65,4 пайызы құрайды.