Павлодар облысында жылдың аяғына дейін қанша спорттық кешен салынады?
Тұрғындар үшін барлық спорттық алаңдардың есігі кешкі 22:00-ға дейін ашық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Павлодар облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Даур Ерғабұлов мәлім етті.
– Облыс бойынша жылдың аяғына дейін 14 спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталу керек, – дейді Даур Ерғабұлов.
Сонымен қатар, жиналыс барысында Жолқұдық ауылында салынып жатқан спорттық кешеннің кестеден қалып қойғаны анқталды. Ақсу қаласы әкімінің айтуынша, осы аптада құрылыс жұмыстары күшейтілетін болады. Облыс әкімі күз мезгіліне дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, Кемеңгер ауылында салынып жатқан спорттық кешеннің жұмыстары тоқтатылғаны анықталды. Мердігердің жұмысты қашан жалғастыратыны белгісіз.
Бұдан бөлек Даур Ерғабұлов мектеп жанындағы спорттық алаңдар жайлы сөз қозғады.
– Жақында білім басқармасымен келісіп мектеп жанындағы алаңдарға қолжетілімділік жайлы ақылдастық. Енді таңғы 06:00 бастап кешкі 22:00 дейін спорттық алаңдардың есігі ашық. Кез-келген тұрғын осы уақыт аралығында алаңдарды пайдалана алады,– дейді спикер.
Еске сала кетейік, облыс әкімі аудандар мен қалалардың әкімдеріне тұрғындардың дене шынықтыру және спорттықдеңгейлерін көтеруді тапсырған.