Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі жеке қабылдау өткізеді
Қабылдау әр апта сайын ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін Ак. Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайы бойынша орналасқан облыс әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізеді.
Балалардың құқықтарын қорғаудың барлық өзекті мәселелері бойынша төмендегі телефон арқылы қабылдауға жазылуға болады: +77074985183.