Павлодар облысының діни қызметкерлері садақ атудан жарысты
Діни қызметкерлері арасында үздік ойыншы анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық «Ғазиз» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» жобасы бойынша дін қызметкерлері арасында садақ ату ұлттық ойыннан жарыс өткізілді. Жарысқа міндетті түрде ұлттық киіммен қатысу деген талап қойылған болатын. Оған әрбір аудан және қала мешіттерінен келге дін қызметкерлері қатысты.
Жарыстың нәтижесін бойынша үшінші орынды Павлодар ауданына қарасты мешіттерінің өкілі Ален Бауыржан алса, екінші орын Ақтоғай ауданы мешіттерінің өкілі Азамат Қапалбайға бұйырды.
Ал жарыс кубогының иесі қалалық «Ақмешіт» мешітінің өкілі Ержан Амралинов болды. Сондай-ақ, оларға 50, 70, 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды.