Павлодар облысының оқушысы «Шәкәрім оқуларының» республикалық турына жолдама алды

Ол аймақтың түкпір-түкпірінен келген оқушылардың арасынан үздік шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ІІІ республикалық «Шәкәрім оқулары» сайысының облыстық кезеңі өтті. Байқауға Ақтоғай, Баянауыл, Павлодар, Шарбақты аудандары мен Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан 9 оқушы қатысты.
Қазылар алқасы құрамында филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамбет Тұрышев, «Нұр-Ана» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Шәкәрім қажының шөбересі Құралай Уақбаева, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова болды.
Қазылар шешімімен республикалық турға Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылындағы Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы Айару Қанафия жолдама алды.
Республикалық кезең Астана қаласында өтеді.