Павлодар облысының орман резерватында сілеусіндер көзге түсті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде сілеусіннің ағаштарда өрмелеп жүргені түсірілген видео таралды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының мәліметінше, 2022 жылдың соңында табиғи қорық ормандарында құлақ қалқаны үшбұрышты әрі үшкір 60-тан астам сілеусін жүгіріп, ағаштарға өрмелеп жүрген.
– Сілеусіндер азық іздеп, күніне шамамен 30 шақырым жүреді. Күніне екі келіге дейін ет жейді және төрт метрге дейін секіре алады. Құлақ қалқанының үшбұрышты болуының да өзіндік себебі бар. Олардың көмегімен қауіп төніп келе жатқаны туралы алдын ала біледі. Бұл өте сақ жануар, қардың үстінде іздері қалмайтындай жүре алады. Жүрген кезде ешбір дыбыс байқалмайды, – дейді резерватта.
Сілеусіндердің тырнақтары мен тістері жақсы дамыған әрі өткір болып келеді, көздері өте қырағы, есту қабілеті де жақсы дамыған, ағаш басына және жартастарға жылдам өрмелеп шыға алады. Қатты секірген кезде 3,5-4 метр қашықтықты қамтиды. Көбінесе ағаш тамырларының қуыстарына немесе таса жерлерге жасырынып жататын орын әзірлейді.
Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ақпараты бойынша Баянауыл ұлттық табиғи саябағында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 40 сілеусін тіркелген.
Тарихшы ғалым Жамбыл Артықбаевтың «Баянауыл» атты кітабында Қызылтауда сілеусін болатынын, Баянауыл мен Торайғыр тауларының жартастарының қуыс-қуысын сілеусіндер мекендейтінін, мәшіндері өсіп жетілгенге дейін оларға бұл жерде қауіп жоқ екенін жазған.
Еске сала кетейік, 2022 жылы облыста екі аңшы үш жылға бас бостандығынан айырылды және 21 миллион теңге айыппұл салынды. Аңшылардан екі сілеусін терісі мен еліктің ұшасы тәркіленді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram