Павлодар облысының тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады
Жаз мезгілінің басталуымен орман өрттерінің қаупі арта түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары дабыл қағуда. Айтуларынша, кейде сөндірілмеген бір ғана сіріңке, алау немесе абайсызда тасталған темекі тұқылы ауыр салдарға әкеліп, табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
Орман өрттерінің негізгі себептері – тыйым салынған жерлерде от жағу, сөндірілмеген темекі мен сіріңкелер, құрғақ шөпті өртеу, отпен абайсыз жұмыс істеу.
Ормандарды сақтау және өрттің алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Ол үшін орманда от жақпау, қоқыс пен тез тұтанатын заттарды қалдырмау, балаларды қараусыз қалдырмау және демалыстан кейін от көзінің толық сөнгеніне көз жеткізу.
Өрт белгілері анықталған жағдайда дереу мына нөмірлерге хабарлау қажет:
101 – өртке қарсы қызмет;
112 – бірыңғай құтқару қызметі;
+7 705 601 96 80 – резерваттың кезекші қызметі.