Павлодарда жалған нөмірлермен жүрген жүргізуші ұсталды

Павлодарда жалған нөмірлермен жүрген жүргізуші ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Малайсары батыр көшесі бойымен келе жатқан ВАЗ-2110 маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқарған екендігі анықталды. 

– Көлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді, – деді департаментте. – Нөмірлік белгілер тәркіленіп, автокөлік айып тұрағына қойылды. 

Осы баптың санкциясы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.