Павлодар облысының тумалары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Павлодар облысының тумалары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар Республика күніне орай берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекеттік награда алғандардың арасында Павлодар облысының азаматтары да болды. Атап айтқанда, «Галицкое» ЖШС директоры Александр Касицин «Отан» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін «Ел бірлігі» орденін Павлодар облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы Владимир Берковский алды.