Павлодар облысының жолдарында мыңнан астам ақау анықталды

Павлодар облысының жолдарында мыңнан астам ақау анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жолдарды күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін жүзден астам лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің жол-техникалық инспекциясы өңірдегі көше-жол желісіне тексеру жүргізді. Ағымдағы жылы жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарға 900-ден астам тексеру жүргізіліп, оның барысында 1760 ақау анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою туралы 915 ұйғарым берілді.

Жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны және жұмыс жүргізу ережелерін бұзғаны үшін 155 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

– Мысалы, Павлодар қаласын абаттандыруды бұзғаны үшін мердігер ұйымның бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 300 АЕК (1 179 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, Жібек жолы көшесіндегі осы ақауларды жою бойынша тексеру актісімен нұсқама жолданды, онда жол учаскесінде жолдың жүріс бөлігінде жабынның бұзылуы пайда болды, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұзушылықтар Торайғыров пен Толстой көшелерінде де анықталды. Онда жол жүру қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер жойылмаған. Осыған байланысты жауапты ЖШС атына тексеру актісі бар нұсқама жіберілді.

Сондай-ақ, көлік құралдарының техникалық жағдайы мен оларды пайдалануға рұқсат беруге техникалық қадағалау шеңберінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 85 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.