Павлодар облысының қалаларында екінші ауысымның оқушылары қашықтықтан оқиды
Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық білім беру бөлімдері мәлімдеді.
– 25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар, Ақсу қалаларындағы мектептерде екінші ауысымда оқитын 0-4-сынып оқушылары, ал Екібастұз қаласындағы мектептерде екінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, синоптиктердің болжамынша, осы аптада өңірде аяз және құбылмалы ауа райы сақталады.