Павлодар облыстық ата-аналар альянсы тағы бір адаммен толықты
Ол Май ауданынан таңдалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, Май ауданында ата-аналар форумы өтті.
Аталған шараға Май аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Серік Солтанов, «Өрлеу» Павлодар облысы бойынша филиалының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Роза Әшімбетова және Әлкей Марғұлан атындағы ППУ деканы, п.ғ.к., профессор Ботакөз Нұрмағамбетова арнайы қатысып, баяндама жасады.
Бөлім басшысы Орынбасар Темірболатова Май ауданының білім беру жүйесіндегі тәрбие жобалары және мәселелері туралы айтты.
- Форумда отбасылық құндылықтар, бала тәрбиесіндегі әкенің орны, аналардың тәрбиесі, буллинг, құқықбұзушылық мәселелері де сөз болды. Форумда Май ауданы атынан облыстық ата-аналар альянсына мүшелікке Аққу Дарабаеваның кандидатурасы ұсынылып, қатысушылардың қолдауына ие болды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Май аудандық полиция бөлімінің майоры Дастан Рахманбергенов кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша баяндама жасады.