Павлодар-Семей тасжолындағы қауіпсіздік күшейді
М-38 тасжолы бойына жарықдиодты шамдар, арнайы тосқауыл қоршаулары мен жол белгілерін орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық оператырының мәлімдеуінше, мамандар М-38 "Павлодар-Семей" күре жолына Павлодар қаласындағы саяжай шағын ауданынан Байдала ауылына дейінгі жол аралығын абаттандырып, қауіпсіздік шараларын күшейтті.
- Жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатымен мамандар жаңа жарықдиодты шамдарды, арнайы тосқауыл қоршаулары мен жол белгілерін орнатты. Сонымен қатар алғаш рет "қауіпсіздік аралдары" да пайда болды, - делінген хабарламада.
Жақын маңда орналасқан елді-мекен тұрғындарының ыңғайлылығы үшін Кенжекөл ауылына кіреберісте жаңа көлік айрығы салынды. Сондай-ақ, жаңа санитарлық-гигиеналық торап орнатылды.
Айта кетелік, былтыр осы учаскеде қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, жол бөлігі пайдалануға берілген болатын.