Павлодарда аялдамалар заманға сай түрленуде

Павлодарда аялдамалар заманға сай түрленуде

Облыс орталығында жайлы аялдама павильондары орнатыла бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі мәлімдеді.

- Биылғы жылы 50 ашық аялдама павильоны мен 3 жылы аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні Назарбаев даңғылы бойында «Мешіт» аялдамасы мен Ак.Сәтбаев көшесінің бойында «Қазпошта» аялдама павильондарын орнату жұмыстары аяқталды, - делінген хабарламада.

Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі» ММ (@zhkh_pavlodara)