Павлодар – Шарбақты жолы қолданысқа берілді
Орташа жөндеуден өткен учаскенің жалпы ұзындығы 5,4 шақырымды құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар А-18 «Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» автожолының 0-6 шақырымы аралығындағы учаскесінде орта жөндеу жұмыстарын аяқтады.
Бір жарым айдың ішінде жолшылар салқын ресайклинг әдісімен негізгі жабынды төсеп, жолдың еңісінен құнарлы топырақ қабатын алып, тегістеу қабатын құрды. Сондай-ақ, ұсақ түйіршікті тығыздалған ыстық асфальтбетон қоспасымен жабынды төседі.
Аталмыш автожол облыс орталығын Шарбақты ауданымен байланыстырып, ары қарай Ресей Федерациясының шекарасына дейін барады. Жол 1978 жылы салынған. Соңғы рет жөндеуден 2016 жылы өткен. Тәулігіне осы жол арқылы 2500 жуық көлік өтеді.
Жолдың асфальтбетон жабынында орта жөндеу жұмыстарына дейін айтарлықтай ақаулар, оның ішінде шұңқырлар, ойықтар, шөгулер мен бүкіл жол бойында жарықтар болды.
Атқарылған жұмыстар жолдың нормативтік жағдайын ұстап тұруға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталды.