Павлодар тұрғындарына арналған бір апталық мәдени және спорттық бағдарлама жарияланды

Павлодар тұрғындарына арналған бір апталық мәдени және спорттық бағдарлама жарияланды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

27 шілде мен 2 тамыз аралығында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мазмұнды демалыс бағдарламасы әзірленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бағдарлама 27 шілде күні сағат 20:00-21:00 аралығында «Спорттағы Павлодар» жобасы аясында TOP STAR фитнес-клубының жаттығуымен басталады. Ал 29 шілдеде сағат 19:00-20:00-де LEONE D’ORO фитнес-клубы Pilates сабағын өткізеді.

30 және 31 шілде күндері кешкі сағат 19:00-де Тереңкөл және Май аудандарының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынады.

1 тамызда таңғы сағат 09:00-10:00 аралығында «Спорттағы Павлодар» жобасы аясында кезекті жаттығу ұйымдастырылады. Кешкі сағат 18:00-де DANCE WAY би мектебі, ALL DANCE SPORT орталығы және «Жұлдызды» музыкалық студиясының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Ал сағат 21:00-де көпшілікке арналған дискотека басталады.

Апталық іс-шаралар 2 тамыз күні сағат 18:00-де «Боксшы» көркем фильмінің ашық аспан астындағы көрсетілімімен аяқталады.