Павлодар тұрғыны диван үшін төленген ақшасын сот арқылы қайтарды

Павлодар тұрғыны диван үшін төленген ақшасын сот арқылы қайтарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол тұтынушы құқығын қорғап қана қоймай, моральдық зиянды да өтеп алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының тұрғыны диванға алдын ала төлем ретінде 260 мың теңге төлеген. Алайда кейін сатып алудан бас тартып, ақшаны толық қайтаруды сұраған кезде, дүкен тек бір бөлігін ғана қайтарып, қалғанын кейін аударуға уәде еткен. Бірнеше өтінішке қарамастан, қалған 60 мың теңге дүкеннен қайтарылмаған.

Павлодар облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, келісімшартта сатушыға төленген ақшаны тауар, қызмет немесе жұмыс көрсетілмеген жағдайда қайтармау құқығын беру заңсыз екенін ескертеді. Сонымен қатар, моральдық зиян да өндірілетіні айтылды. 

– Аралық азаматтық істер сотының шешімімен өндірушіден қалған 60 мың теңге қайтарылып, тұтынушыға 20 000 теңге моральдық зиян өтемі өндірілді, – деді департаментте. 

Айта кетейік, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2025 жылы 29 сот процесіне қатысып, оның 25-і сот шешімімен қанағаттандырылған. Осылайша, тұтынушыларға жалпы 74 миллион теңге қайтарылған.

Мамандар тұтынушыларға өз құқықтары бұзылған жағдайда кеңес алу үшін Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 9 мекенжайына келуге шақырады. Сонымен қатар, өтініштерді E-otinish.gov.kz платформасы немесе бірыңғай ақпараттық жүйе E-tutynushy.kz арқылы жолдауға, сондай-ақ, ыстық желі 8 (7182) 55-10-70 телефоны арқылы хабарласуға болады.