Қарашада Павлодар облысында құбылмалы ауа райы болмақ

Қарашада Павлодар облысында құбылмалы ауа райы болмақ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күздің соңғы айында сынап бағанасы -18°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, қарашада орташа ауа температурасы нормаға жақын болады -5,4...-7,6 °С. Бірінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасының -4...+1°С-тан -12...-17°С-қа дейін төмендеуі күтіледі. Содан кейін ауа температурасының біртіндеп көтеріледі.

Айдың ортасында сынап бағанасы түнде -1...+4°С-тан-14...-19°С-қа дейін, күндіз +4...+9°С-тан-8...-13°С-қа дейін түседі. 

Қарашаның соңғы аптасында ауа температурасының түнде -2...-7°С дейін, облыстың солтүстік-батысында -10°С, күндіз -1...+4°С дейін көтерілуі болжанады. Содан кейін ауа температурасының түнде -13...-18°С-тан, облыстың оңтүстігінде -9°С-тан-8...-13°С-қа дейін, күндіз-7...-12°С-тан-2...-7°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. 

Бір айдағы жауын шашын мөлшері нормадан көп түседі деп болжануда. Жаңбыр қарашаның басында мен ортасында жауса, қар екінші мен үшінші онкүндікте түссе, көктайғақ қарашаның ортасында күтіледі. Ай бойы боранды болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады.