Павлодарда қайда жарық болмайды

Павлодарда қайда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қараша күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • М. Жүсіп көшесі, 170 – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, 172 – «СтартУм» оқу орталығы, 206 – «Бижан» мешіті;
  • Ак. Бектұров көшесі, 141 – «Автоспектор» дүкені;
  • М. Горький көшесі, 76;
  • Толстой көшесі, 30 – «Санжар», «Мираж» дүкендері, 47 – «Lukum» дәмханасы, 57 – «Юристконсалт» заң компаниясы, «Аманат» партиясы, жергілікті соғыс ардагерлері мен тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысушылар одағы;
  • Толстой – М. Жүсіп – М. Горький – Ак. Бектұров көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.

Сонымен қатар, сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Набережная көшесі, 5, 7, 7/1-үйлерінде және Борис Исаев көшесі, 42, 62 мекенжайларында орналасқан облыстық психоневрологиялық  диспансер мен нефрологиялық орталықта электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады