Павлодарда қазақ тілін оқыту курсы ашылды
Сабақтар тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалы белсенділерінің бастамасымен қазақ тілін оқыту курсы ашылды. Бұл курс – партия филиалының қазақ тілін кеңінен насихаттауға қосқан үлесі. Сабақтарда ауызекі сөйлеу тілі мен жаттықтыруға баса назар аударылады.
– Сабақтар тегін, барлығы келе алады. Ең беделді оқытушылардың бірі Ташева Полина Шакауқызын шақырдық, – дейді Қазақстан Халық партиясының белсендісі, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Ирина Столярова.
Полина Ташева жүздеген мемлекеттік қызметкерге қазақ тілін үйретіп, 20 жылдан астам тәлімгер болып еңбек етіп келеді. Оқытушы бірінші сабақта мемлекеттік тілдің күнделікті өмірде, әріптестермен қарым-қатынаста қолданылуына болатын бірнеше практикалық ұсыныстар берді.
Сабақтар сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Торайғыров көшесі, 18, «Болашақ» клубында өткізіледі. Толығырақ Instagram-аккаунтта - @qazaqtili.pvl
Байланыс нөмірі: +7 702 875 8807