Павлодарда облыстық жайдарман ойындарының шешуші кезеңі өтеді

Павлодарда облыстық жайдарман ойындарының шешуші кезеңі өтеді
Фото: Jaidarman_pvl

Жүлде қоры – 400 мың теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің мәжіліс залында 14 желтоқсан күні сағат 18:00-де облыстық жайдарман лигасының финалдық кезеңі өтеді. Бұл жолы ойынның жүлде қоры  400 мың теңгені құрайды. 

Ойын Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Менің тілім» тілдерді дамытуды қолдау қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілуде.