Павлодарда үш көпқабатты үйдің тұрғындары сусыз қалды

Павлодарда үш көпқабатты үйдің тұрғындары сусыз қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су желілерінде апат болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Шөкин көшесі, 100, Назарбаев даңғылы, 50, 52 мекенжайындағы 16 қабатты үш үйдің тұрғындары көрші павильон иесінің кесірінен сусыз қалды.

11 тамыз күні су желілерінде апат болды.

Су желілеріндегі апатты жою мүмкін емес, өйткені ағып кету «Панорама» павильонының астында орналасқан. Құрылыс барысында нысан иесі «Павлодар-Водоканал» ЖШС-мен келісіп, желілерді ғимараттың сыртына шығарып тастау керек болған, алайда ол кәсіпорынның ұйғарымын елемей, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған, – деп түсіндірді компанияда.

Кәсіпорын мамандары келесі мекенжайларда суды өшірді: Ак. Шөкин көшесі, 98, 100, 100/1 (Экобазар), Назарбаев даңғылы 50, 52, 48/1 («Гулливер» сауда үйі), Р.Люксембург көшесі, 111, 113. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Водоканал (@pavlodar_vodokanal)