Павлодарда ұлттық тағамдар фестивалі өтеді
Іс-шараға аспаздық әуесқойлар мен кәсіпқойлар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
30 қазанда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ұлттық тағамдар» фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.
Дегустациялық шара ұлттық тағамдар конкурстарын насихаттау және қонақжайлылықтың ұлттық дәстүрлерін насихаттау арқылы қонақ үй бизнесі мен туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Фестиваль сағат 10:00-де Абай көшесі, 115/2 мекенжайындағы «Крендель» банкет-холлында болады.