Павлодарда әйел адамды көшеде пышақтап кетті
Жедел жәрдем оқиға орнына екі минутта жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Зардап шеккен адамды көшеде пышақтап кеткені туралы ақпарат пен оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде тарады.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту сағат 19:53-те түскен.
1988 жылы туған әйел адам мойын жарақатымен Ғалым Сұлтанов атындағы клиникалық ауруханаға жеткізілді.
– Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында әйел адамда кеуде қуысының пышақ жарақаты, күретамырдың зақымдануы анықталғанын хабарлады. Операция жасалғаннан кейін хирургия бөліміне ауыстырылған.