Павлодарда әйел адамды туыстары алдап, пәтерін алған

Қазіргі уақытта ол балаларымен бірге арнайы орталыққа орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығына қаладағы бір мектептің өкілдері жүгінген. Екі баласы бар әйелдің көмекке мұқтаж екені анықталған.
– Ирина есімді әйелдің өмірлік қиын жағдайға тап болғаны белгілі болды. Ол Ресейде тұрған, бірақ болу мерзімі аяқталғаннан кейін азаматтық күйеуін тастап, Отанына оралуға тура келген, – дейді бөлімде.
Әйел адам өмірінде мектепте бармаған, оқи да, жаза да алмайды, сондықтан туыстары алдау арқылы ата-анасының үйін өздеріне қайта рәсімдеген. Орталықта балаларды мектепке, жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсетілген, сондай-ақ орталықтың заңгері мұраны қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде.
Ирина қазіргі таңда Ресейде әкесімен бірге жүрген кіші ұлын өте сағынады, дегенмен баласын қайтаруға мүмкіндігі жоқ.