Павлодарда әйелдің саусағына сақина қысылып қалды
Егде жастағы тұрғын әшекей бұйымды өздігінен шеше алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әйелдің қолы гипсте болған. Саусақтары ісініп, сақина қыса бастаған.
Тұрғын сақинаны өзі шеше алмаған соң құтқарушылардан көмек сұрады.
Мамандар арнайы құралмен сақинаны абайлап кесіп алды. Әйелдің саусағына зақым келген жоқ.