Павлодарда антитеррористік оқу-жаттығу өтеді
Шара 5 ақпан күні сағат 09.00-13.00 аралығына жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық терроризмге қарсы штабтың мәліметінше, қала аумағында ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы «Ақпан-Антитеррор-2025» антитеррористік оқу-жаттығу өтеді.
Штабта азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұрайды.