Павлодарда ашық сот отырыстарына кім қатыса алады?

Павлодарда ашық сот отырыстарына кім қатыса алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл сұраққа сот қызметкерлері жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ашық сот отырыстарына көбіне болашақ заңгерлер, тәжірибелі адвокаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Ерсін Қожабергеновтің сөзінше, сот процесіне қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алады.

 – Оларға ешкім кедергі келтірмейді. Келіп көремін, тыңдаймын дегендерге есік ашық. Істердің кестесі сот ғимаратының фойесінде ілінген, сол жерден танысуға болады. Сот залына кіру үшін жеке куәлікті көрсету қажет, – деді ол.

Барлық сот отырыстары ашық түрде өтеді, тек кейбір санаттағы істер ғана жабық қаралады. Сот отырыстарының кестесі «Сот кабинеті» порталында да қолжетімді.

Судьялардың айтуынша, жыл сайын қаралатын істер саны артып келеді. Мәселен, биылғы тоғыз айда қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына 8400-ден астам талап-арыз бен өтініш түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3 пайызға артық.

Сондай-ақ сот қызметкерлерімен ағымдағы жылы 6173 шешім шығарылып, оның 334-і шағымданған, нәтижесінде 22 шешімнің күші жойылып, 20 сот актісіне өзгерістер енгізілді.