Павлодарда автобус пен арнаулы техника соқтығысты
Оқиғаның себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
29 шілде күні Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесінде Yutong және Dongfeng маркалы екі көлік соқтығысты.
Осы оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті арнайы мәлімдеме жасады.
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде, — делінген хабарламада.
Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтап, тәртіпке бағынуды ескертеді.