Павлодарда азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні өткізіледі

Павлодарда азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні  өткізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап ала алады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2024 жылғы 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында облыста жыл сайынғы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізіледі.

Акция аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен 5 желтоқсан күні сағат 10.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1 мекенжайында орналасқан «Достық үйі» ғимаратында азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні  өткізіледі. 

Шара барысында құқық қорғау органдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және тағы да басқа сала мамандарының кеңесін ала алу мүмкіндігі ұсынылады, – деп жазылған хабарламада.  

Акцияның басты мақсаты тұрғындарды осы мәселе бойынша мемлекет және қоғам тарапынан қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, құқық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, отбасылық құндылықтарды нығайту болып табылады.