Павлодарда бір ай бұрын жоғалған ер адам өлі күйінде табылды
Надим Рүстемханов үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Vita еріктілерінің мәліметінше, Мичурино ауылында 8 сәуірде сағат үштің кезінде Гурьев көшесінен орналасқан үйінен шығып кеткен.
- Өкінішке орай, Надим Рүстемханов өлі күйіне табылды. Отбасы мен туған туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, - деді еріктілер.
Ал 25 сәуір күні Екібастұз қаласында жоғалып кеткен 1987 жылы туған Александр Пазников аман-есен табылды. Ол да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.