Павлодарда балалар арасында жылдам шахматтан турнир өтеді

Павлодарда балалар арасында жылдам шахматтан турнир өтеді
Фото: pexels.com

10, 12, 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар үшін бөлек ойындар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шахмат үйінде Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған жылдам шахматтан ашық облыстық балалар турнирі ұйымдастырылады.

– Жас шахматшыларды ауқымды зияткерлік шайқасқа шақырамыз. Турнир 1-2 наурызда швейцариялық жүйе бойынша халықаралық рейтингті есептей отырып, 9 турмен өтеді, – деді шахмат федерациясының облыс бойынша филиалында.

Турнирлер сағат 10:00-де басталады. Қатысу үшін өтінімдер 28 ақпанға дейін chessfilialpvl@gmail.com поштасына жіберуге және +7 (777) 644 42 50 (Арман Қапаев ) телефон нөміріне жазып, тіркелуге болады.