Павлодарда балалар биатлонмен тегін шұғылдана алады
Олимпиада спорт түрінің біріне қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы биатлон бөлімшесінің мәліметінше, 8-12 жастағы балаларды қабылдау науқаны басталды.
– Балаларыңыз ойнап, жүгіріп, ролик пен роллер тебеді. Ал қыста шаңғыға тұрып, нысанаға тигезетін болады. Балаларды жаттықтырушылар үйретеді. Барлық сабақтар тегін өтеді, – делінген хабарламада. – Қысқы спорт түрлері денсаулыққа пайдалы әсер етеді, дененің төзімділігі мен физикалық белсенділікті арттырады.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефондар арқылы білуге болады: Вячеслав Морозов 8 (708) 171-85- 00, Виктория Гумарова 8 (705) 620- 17- 96.