Павлодарда балаларға қазақтың ұлттық ойындарды тегін үйрететін орталық ашылды
Үйірмелер бірнеше бағытты қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығында ұлттық дәстүрлерді насихаттау мақсатында «Асыл мұра» атты ұлттық колорит орталығы ашылды. Ол «Дос» балалар-жасөспірімдер клубының негізінде жұмыс істейді.
– Балалар мен жасөспірімдер ұлттық қолөнер, дәстүрлі ән айту, домбырада ойнау және халық билері бойынша үйірмелер, сондай-ақ қазақша күрес, асық ату, садақ ату және тоғыз құмалақ бойынша спорт секцияларына тегін бара алады,– деді қалалық білім беру бөлімінде.
Орталықтың салтанатты ашылуына «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің әжелері шақырылды.
«Дос» балалар-жасөспірімдер клубы көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Ол Катаев көшесі, 97 мекенжайында орналасқан «Жігер» клубы бөлімшелерінің біріне жатады.