Павлодарда баскетболдан ең үздік жастар командалары бас қосты
Матчтар №2 спорт мектебінің (бұрынғы «Автомобилист») алаңында өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Чемпионатқа алты команда қатысуда – Қазақстандағы кәсіпқой клубтардың барлық U-21 фарм-клубтары. Бұл Ұлттық лиганың екінші туры. Алғашқы ойын алаң иелері үшін сәтсіз аяқталды. «ERTIS-2» баскетболшылары бірінші ойында «Астана Жастардан» 68:62 есебімен жеңіліп қалды. Ең нәтижелі павлодарлық ойыншы 31 ұпай жинаған Әли Исағұлов болды. 22 қарашада команда «Тобылмен», 23-інде алматылық легионмен, ал 24-інде «Барысы» Атыраумен ойнайды. Барлық матчтар сағат 15.00-де басталады.
Павлодарлықтардың ересек әріптестеріне келетін болсақ, «ERTIS» ерлер командасы Ұлттық лиганың соңғы, сегізінші орында келеді. Команда сегіз матчтың барлығында жеңіліп, сегіз ұпай жинады. Соңғы жеңіліс 5-6 қарашада болды, павлодарлық команда Атыраудың «Барысы» командасынан тиісінше 66:57 және 98:56 есебімен ұтылды. Команда келесі кездесуін 1 желтоқсан күні «Астанаға» қарсы өткізеді. Матч Павлодарда өтеді.
«ERTIS-тің» қыздары сәл жақсырақ өнер көрсетуде: павлодарлықтар алты ойында екі жеңіске жетті. 15 қарашада жерлестеріміз өз алаңында ақтөбеліктерді 60:57 есебімен ұтса, бір күн бұрын алаң иелерін 57:52 есебімен тізе бүктірлі. Команда алты клубтың ішінде бесінші орында. Келесі матч 28 қарашаға жоспарланған. Ақтаулық «Каспиймен» матч аттас теңіз жағасында өтеді.