Павлодарда бес автобустың жүру қозғалысы өзгерді

Павлодарда бес автобустың жүру қозғалысы өзгерді
Фото: Константин Шелков

Жүргізушілер маршрутты алдын ала ойластыру қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кешкі сағат 20:00-ге дейін Нұрмағамбетовтан Лермонтовқа дейінгі Сұраганов көшесі жабылады. Лермонтов-Сұрағанов көшелерінің қиылысы жабылып, осыған байланысты № 1, 126, 153, 2, 40 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді. 

№ 1 және 126 автобус маршруттары Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай жылжу кезінде осы учаскені: Малайсары батыр – Қамзин – Нұрмағамбетов – Торайғыров көшелерімен  (Павлов және Сұрағанов көшелеріне кірмей) айналып өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта.

№ 153 автобус бағыты Торайғыров көшесімен батыстан шығысқа қарай жүргенде осы учаскені: Торайғыров – Н. Назарбаев даңғылы (Лермонтов және Сұрағанов көшелеріне кірмей) айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.

№ 2 автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүріп, осы учаскені: Қамзин – Малайсары батыр – Н. Назарбаев даңғылы– Лермонтов және маршрут бойынша айналып өтеді.

Кері бағытта жүргенде Лермонтов – Н. Назарбаев даңғылы – Естай – Қамзин көшелерімен және маршрут бойынша айналып өтеді.

№ 40 автобус бағыты Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай жүріп бара жатқанда, осы учаскені Малайсарыбатыр – Н. Назарбаев даңғылы -Лермонтов көшелерімен айналып өтеді.

Кері бағытта (батыстан шығысқа қарай Лермонтов көшесімен): Лермонтов – Н. Назарбаев даңғылы – Естай – Малайсары батыр көшелерімен және маршрут бойынша айналып өтеді.