Павлодарда бизнесті қорғау бойынша форум өтеді

Павлодарда бизнесті қорғау бойынша форум өтеді

Форумға қатысуға өтінімді алдын ала телефон арқылы беру керек, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Облыстық прокуратура 29 мамыр күні сағат 11.00-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1 мекенжайы бойынша орналасқан Достық үйінде бизнесті қорғау мәселелері бойынша форум өткізеді.

– Іс-шараға мемлекеттік, бақылау-қадағалау, құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдардың өкілдері қатысады, – деп хабарлады қадағалау ведомствосы.

Форумға қатысу үшін 8-707-960-76-55 телефон нөмірі бойынша өтінім қалдырып, кәсіпорынның атауын және қызмет түрін, қатысушылардың санын хабарлау қажет.

Фото: gov.kz