Павлодарда екі бала әйнектен құлады

Екеуі де аман қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 19 маусымда сағат 18:30-да екінші қабаттан бала құлағаны туралы хабарлама түсті. Дәрігерлер 2022 жылы туған ер балада ішкі ағзалары зақымданды деп күдіктенуде.
– Анасы баласы қонақта болған кезде әйнектен құлағанын айтты. Баланы хирург тексеріп, ультрадыбыстық зерттеу жасалды. Ол шұғыл түрде хирургиялық бөлімшеге жатқызылды, – деді аурухананың баспасөз хатшысы Камила Даирова.
Дәл сол күні тағы бір бала жарақат алды. Кешкі сағат 17:30-да 2024 жылы туған бала үшінші қабаттан құлап, үйдің кіреберісіндегі шатырға құлады.
– Баланың жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда. Оған рентген жасалды. Сүйек патологиясы анықталған жоқ. Бала травматология бөлімінде жатыр, – деді ол.
Жарақат алған ұлдарға барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізілуде.